Қарағанды әкімдігі ғимаратының терезесінен құлаған ер адам қаза болды

0
437

Марқұм техник болып жұмыс істеген.


Қарағанды әкімдігі ғимаратының терезесінен құлаған ер адам қаза болды

ERNUR.KZ. Ер адам Қарағанды қаласы әкімдігі ғимаратының төртінші қабатындағы терезеден құлап, қаза болды, деп жазады Stan.kz.

Ақпаратты Қарағанды облысының полиция департаменті растады.

"Аталған факт тіркелді, тергеліп жатыр, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді ведомствода.

Қарағанды қаласы әкімдігінің хабарлауынша, марқұм 37 жаста болған.

"Ол техник болып жұмыс істейтін. Өкінішке қарай, осындай жағдай болды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Сондықтан басқа ешқандай ақпарат бере алмаймыз", - деді Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі