Қарағанды маңындағы су қоймасында балық қырылып жатыр

0
1 022

Қарағанды облысы Экология департаментінің қызметкерлері де оқиға болған жерге барып, зертханалық зерттеу үшін су сынамаларын алды.


Қарағанды маңындағы су қоймасында балық қырылып жатыр

ERNUR.KZ. Қарағанды маңындағы Узенка ауылында балық қырылып жатыр. Тұрғындар әлеуметтік желіде видео жариялап, жағдайға экологтардың назарын аудартты, деп жазады Tengrinews.kz.

Видео авторларының айтуынша, оқиға "Ясная сказка" демалыс үйінің жанындағы су қоймасында болған. Жергілікті балықшылар судағы балық оттегі жетіспеушілігінен қырылуы мүмкін дейді. Олардың айтуынша, қыста демалыс аймағының иесі су бетіндегі мұзды оюға рұқсат бермеген.




Алайда балық инспекциясы балықшылар тұжырымымен келіспейді. Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Абай Әлжановтың айтуынша, су айдынында жалға алушы қысқы кезеңде тұманға қарсы шаралар жүргізген. Қазір балықтың қырылу дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

"Тексеру нәтижелері бойынша балықтың не себепті өлгені анықталады. Зиян заттар табылуы мүмкін. Мүмкін басқа нәрсе. Қажетті сараптамалар жүргізілгеннен кейін қорытынды жасауға болады", - деді Абай Әлжанов.

Қарағанды облысы Экология департаментінің қызметкерлері де оқиға болған жерге барды. Олар зертханалық зерттеу үшін су сынамаларын алды. Нәтиже 20 күнде дайын болады.