Қарағанды облысы карантинге жабылады

0
821

​Абай, Саран, Қарағанды, Теміртау және Шахтинск қалаларында ерекше тәртіп болатыны хабарланып отыр.


Қарағанды облысы карантинге жабылады

ERNUR.KZ. 7 сәуірден бастап Қарағанды облысы карантинге жабылады. Бұл туралы өңірдегі тауар мен қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі Қанат Асқаров хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

7 сәуір сағат 00.00-ден бастап өңірге кіріп-шығу шектеледі.

Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск және Теміртауда карантиннің ерекше тәртібі болатыны хабарланып отыр.

Тұрғындар жұмысқа, азық-түлік дүкеніне, аса қажеттілік болған жағдайда медициналық мекемелерге, үйден 500 метр радиусқа үй жануарларымен шығуға және банк операцияларын жасауға ғана шыға алады.

Карантиннің ерекше тәртібі енгізілген аумақта барлық ұйымдардың жұмысы тоқтатылған. Тек қала тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар ғана қызметін жалғастырады.

Кәсіпорындарға қызметкерлер қызмет көлігімен жеткізілуі тиіс.

Сондай-ақ, облысаралық, қалааралық, ауданаралық және қалалық жолаушылар тасымалы тоқтайды.

Соңғы мәліметке сәйкес, облыста 31 адам коронавирус жұқтырған. Қазақстан бойынша барлығы 569 адам.