Қарағанды облысында 3 жасар баланы өлтірді деген күдікті ұсталды

0
839

Күдікті Қарағандыдағы вокзалда ұсталған.


Қарағанды облысында 3 жасар баланы өлтірді деген күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында 3 жасар баланы ұрлап кетіп, кейін өлтірді деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Instagram желісіндегі Karaganda.city парақшасында жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.

Еріктілердің айтуынша, күдікті Қарағандыдағы вокзалда ұсталған.

Еске салайық, мұның алдында Шет ауданының Бұрма ауылында үш жасар бала ұрланғаны мәлім болған. Оны анасының қолынан 23 жастағы ер адам жұлып алып кеткен. Қаскөй бұған дейін де сотты болған.