Қарағанды облысында 69 жылқыға найзағай түсті

0
1 521

Оның 20-сы құлын.


Қарағанды облысында 69 жылқыға найзағай түсті

фото ғаламтордан алынды

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында жайылымда жүрген жылқыларға жай түсіп, 69 жылқының өлексесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Іnstagram желісіндегі patriotkaragandy парақшасындағы видеодан белгілі болды.

"Кеше кешке табиғат құбылысынан 69 жылқы өлді. 49 бас жылқы мен 20 құлынға найзағай түскен", - деп жазылған парақшада.



Парақшада жазылғандай оқиға Қарқаралыға 60 шақырым қашықтағы Жарлы ауылының іргелес Тегісшілдік селолық округінің маңында болған. Қазіргі кезде ауыл тұрғындары өлекселерді жинап, шығын көлемін есептеп жатыр.