Қарағанды облысында АӘК төлемдерін бұрынғыдан 4 есе көп отбасы алды

0
1 069

1-ші сәуірден бастап төлемақылар бойынша кеңес алуға 17 мыңға жуық адам келген.


Қарағанды облысында АӘК төлемдерін бұрынғыдан 4 есе көп отбасы алды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында атаулы әлеуметтік көмек төлемдері берілуде. Жұмыспен қамту орталықтары мен ауылдық әкімдіктер қолдауға мұқтаж отбасылардан құжаттарды қабылдауды әлі де жалғастыруда, деп жазады karaganda-region.gov.kz.

"Облыста көп балалы және аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша Ебласы тапсырмаларын іске асыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Өңірде 1-ші сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек 4 160 отбасыға тағайындалған. 25-ші сәуірден бастап төлемдер төлене бастады. Құжаттарды қабылдау штаттық тәртіпте, кезексіз жүріп жатыр. Адамдар келіп жатыр - комиссия үйлерге барып, АӘК тағайындау үшін барлық шараларды қолдануда", - дейді Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының жетекшісі Әсем Жүніспекова.

1-ші сәуірден бастап төлемақылар бойынша кеңес алуға 17 мыңға жуық адам келген.

Облыс бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары өткізілді. Облыс әкімінің тапсырмасымен үй-үйлерді аралау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жұмыспен қамту орталығы мен жергілікті әкімдік қызметкерлері әрбір көп балалы отбасыны есепке алып, олардың әлеуметтік картасын толтырды. Жұмыс топтарының мүшелері тек қана төлемақы туралы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік көмектің басқа да жолдарын, жұмысқа орналасу, жеке істі ашуда мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жайлы да баяндады.

Өңірде көп балалы отбасыларды қолдау бойынша қосымша шаралар қабылданды. Олардың арасында: қоғамдық көлікпен тегін жүру, балабақшаларға 50 пайыздық жеңілдіктер. Фриланс мектебінде көп балалы аналарға қашықтықтан жұмыс істеу үйретіледі, кеңес берушілер үйде отырып қандай іспен айналысуға, қалай пайда табуға болатыны жайлы түсіндіреді. Ынталандыру тренингтерінде дұрыс мақсат қойып, алға қойған тапсырмалардың шешу жолдарын анықтау бойынша бағыт-бағдар беріледі.

Сонымен қатар облыста жұмыспен қамту бойынша жылжымалы пунктер де жұмыс жасайды.