Қарағанды облысында ақбөкендерді заңсыз аулағандарға үкім шықты

0
418

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілер өз кінәларын толықтай мойындады.


Қарағанды облысында ақбөкендерді заңсыз аулағандарға үкім шықты

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында ақбөкендерді заңсыз аулағандарға сот үкімі шықты, деп жазады Polisia.kz.

Қаңтар айының ортасында Нұра аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, елдімекендердің бірінде “Браконьер” профилактикалық іс-шарасы кезінде 29 және 34 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстаған еді.

Тексеру барысында олардан үш ақбөкеннің тұтас еті және алты кесілген мүйіз табылған болатын. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлімі 339-бабы (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге, сондай-ақ тыйым салынған өсімдік немесе жануарлар түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе туындыларына заңсыз қатынас жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілер өз кінәларын толықтай мойындады.

Қылмыстық істі қарау үшін Нұра аудандық сотына жіберілді. Айыпталушылар прокурормен процессуалдық келісім түрінде келісім жасасты. Ал сот істі бітімгершілік рәсімдері шеңберінде қарады. Ол қылмыстық іске қатысқан әрбір адамды үш жыл мерзімге аң аулауға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сонымен қатар сот сотталушыларды жәбірленуші тараптың пайдасына – “Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің аумақтық инспекциясы” республикалық мемлекеттік мекемесінің пайдасына – жалпы сомасы 13 млн 126 мың теңгені құрайтын материалдық шығынды өтеуге үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді