Қарағанды облысында алаяқ басшы ұсталды

0
629

​Қарағанды облысында алаяқ басшы ұсталып, ол заңға сәйкес жазасын алды, деп ақпарат таратты агенттік.


Қарағанды облысында алаяқ басшы ұсталды

ERNUR.KZ. Сәтпаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы алаяқтық үшін сотталды, деп жазады sputniknews.kz.

Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Сәтпаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәмшат Күнеділоваға қатысты тергеуді аяқтады.

"Ол орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне қол қою және мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қалған қаражатты аудару үшін "Хлебстрой" ЖШС-нің Қарағанды филиалы директорынан 1 миллион 200 мың теңге көлемінде қаражатты алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы иемденуге әрекеттенген" – делініген агенттіктің ресми хабарламасында.

17 қаңтарда Сәтпаев қалалық сотының үкімімен К.Ш. Күнеділова алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды. Оған 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұған қоса, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.