Қарағанды облысында әскери қызметкер өз-өзін атты

0
694

Қазіргі таңда ол Приозерск қаласындағы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі госпиталінде жатыр.


Қарағанды облысында әскери қызметкер өз-өзін атты

ERNUR.KZ. Мерзімді әскери борышын өтеп жатқан сарбаз өз-өзін жүрек тұсынан атып, ауруханаға түсті, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға Қарағанды облысы Приозерск қаласындағы әскери бөлімшелердің бірінде болған. Болжамға сәйкес сарбаз Атырау облысының тумасы. Қазіргі таңда ол Приозерск қаласындағы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі госпиталінде жатыр.

Абырой болғанда оқ оның жүрегіне тимеген, алайда әскеридің жағдайы ауыр хәлде.

«Әскери қызметкер туралы қандай да бір мәлімет бере алмаймыз, себебі ол Ресей Федерациясының министрлігіне тиесілі госпитальде жатыр», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.