Қарағанды облысында қарттар үйінің басшысы қамалды

0
518

Әлеуметтік мекемеде 90 адам тұрады, оның ішінде 30 мүгедек және 60 зейнеткер бар.


Қарағанды облысында қарттар үйінің басшысы қамалды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің департаменті қарттар үйінде тұратындардың зейнетақысы мен жәрдемақысын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Әлеуметтік мекемеде 90 адам тұрады, оның ішінде 30 мүгедек және 60 зейнеткер бар.
"Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген осы қылмысты жасады деген күдік бойынша Қарағанды облысындағы қарттар үйінің басшысы және әлеуметтік қызметкер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген қаржы мониторингі агенттігі таратқан ақпаратта.
Қарағанды облыстық соты қарттар үйінің басшысына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.