​Қарағанды облысында компаниялар жұмыскерлерге 140 млн теңге бермей, қарыз болған

0
1 008

Зиянды жағдайда еңбек етушілердің жалақысын көбейту, өндірістік жарақат сынды күрделі мәселелерді көтерді. Бұл сұрақтарды заң жүзінде шешу қажеттігін де жеткізді. ​


​Қарағанды облысында компаниялар жұмыскерлерге 140 млн теңге бермей, қарыз болған

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында 9 компания жұмыскерлеріне 140 млн теңге берешек. Енді мұндай кемшіліктерді шенеуніктер өндіріс орындарына барып тексеріп, заңбұзышылықтарды бірден прокуратураға жеткізбекші,деп жазады 24.kz.

Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу жолдарыбүгін Премьер Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен өткен үшжақты комиссия отырысында кеңінен талқыланды. Кәсіподақ мүшелері аутсорсинг мәселесін, сондай-ақ зиянды жағдайда еңбек етушілердің жалақысын көбейту, өндірістік жарақат сынды күрделі мәселелерді көтерді. Бұл сұрақтарды заң жүзінде шешу қажеттігін де жеткізді. Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары: - Өндірістік жарақат көрсеткіші 10 жылдан бері өзгермей тұр. Яғни азаю динамикасы байқалмайды. Сондықтан осы мәселені қолға алып, бұл көрсеткішті 50 пайызға төмендету қажет. Мұның барлығы біздің қолымызда.