Қарағанды облысында мектеп оқушыларының 60 пайызы сабаққа барады

0
2 192

Бұған дейін дәстүрлі форматта оқып келген 1 мен 5-сынып аралығындағы балаларға енді түлектер қосылады.


Қарағанды облысында мектеп оқушыларының 60 пайызы сабаққа барады

иллюстрациялық фото ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. 12 қаңтардан бастап Қарағанды облысында мектеп оқушыларының 60 проценті сабаққа барады, деп жазады 24.kz.

Яғни бұған дейін дәстүрлі форматта оқып келген 1 мен 5-сынып аралығындағы балаларға енді түлектер қосылады. Бүгін білім ошақтарының барлығында үшінші тоқсанға дайындық жұмыстары, яғни зарарсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр.

"Қазір біз Қарағанды қаласындағы әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясында тұрмыз. Бұл білім ошағында үшінші тоқсаннан бастап мыңнан астам оқушы дәстүрлі форматта оқитын болады. Демек, 1 мен 5 сынып аралығындағы шәкірттерге енді 9 бен 11 сыныптың түлектері қосылады. Олар сабақтың 70 процентін, яғни негізгі пәндерді осында мектепте оқыса, қалған 30 проценті онлайн режимінде өтпек. Қазір ғимарат іші жаппай залалсыздандырылып жатыр. Себебі кеше ғана мұнда сайлау өткен болатын" - дейді Ардақ Асылханұлы.

Айта кету керек, мұндай залалсыздандыру шаралары бүгін облыстың барлық мектебінде өткізілуде. Білім басқармасының айтуынша, үшінші тоқсанда түлектерді қосқанда мектеп табалдырығын 130 мың оқушы аттайды.