Қарағанды облысында полицейлер жантүршігерлік жол апатына ұшырады

0
2 234

​Жүк көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып, полиция қызметкерлері мінген жеңіл автокөлікпен соқтығысты.


Қарағанды облысында полицейлер жантүршігерлік жол апатына ұшырады

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, деп sputnik.kz.

Қарағанды – Балқаш автожолында Shacman көлігінің 59 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетті. Салдарынан 35 жастағы полиция қызметкері жүргізіп келе жатқан ВАЗ автокөлігімен соқтығысты.

Жол апатынан ВАЗ автокөлігінің ішінде болған 30 жастағы полиция қызметкері мен 46 жастағы облыс тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі – 35 жастағы полицей түрлі жарақатпен Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Қарағанды облысы ішкі істер органдары басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Қаза тапқан полиция капитаны Дәурен Қабдығалиев 2009 жылдың мамыр айынан бастап ішкі істер органдарында қызмет етті, үйленген, екі баласы бар.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (көлік басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлікті басқару қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.