Қарағанды облысында полиция капитаны ақбөкендерді қырып тастаған

0
997

Қазір оқиғаға қатысы бар болуы мүмкін өзге де браконьерлердің бар-жоғы анықталып жатыр.


Қарағанды облысында полиция капитаны ақбөкендерді қырып тастаған

ERNUR.KZ. 25 желтоқсан күні рейдтік шара барысында Қарағанды облысында ақбөкендерді қырып тастаған полиция капитаны ұсталды, деп жазады sn.kz.

Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек ауылынан 30 шақырым қашықтықта бұзылған жол талғамайтын 2 көліктен атылған 18 киіктің өлексесі шыққан.

«Іздеу барысында Ұлытау ауданы Алғабас ауылының учаскелік полициясы М. Ж. Бралиновтың қорасынан атылған 12 киік табылған.

Аудандық ІІБ бөлімінің капитаны Бралиновтың үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 337-бабы, 4-тармағы бойынша іс қозғалды», – дейді Сәкен Ділдәхмет.

Қазір оқиғаға қатысы бар болуы мүмкін өзге де браконьерлердің бар-жоғы анықталып жатыр.