Қарағанды облысында табиғаттың тосын құбылысы видеоға түсіп қалды

0
1 109

​Қарағанды облысының Жәйрем ауылында видеоға түсірілген ұзыннан-ұзын сопақ бұлттар бірнеше шақырымға созылады.


Қарағанды облысында табиғаттың тосын құбылысы видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында ауыл тұрғындары табиғаттың тосын құбылысын видеоға түсіріп алды. Онда аспандағы ұзыннан-ұзын сопақ бұлттар қаз-қатар тізіліп тұр, деп жазады sputniknews.kz.

Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат берген Қазгидрометтің мамандары осы бір ерекше құбылыстың себебін түсіндірді.

Видеода сопақ бұлттар бірнеше шақырымға созылады. Автордың сөзіне қарағанда, видео Қарағанды облысының Жәйрем ауылында түсірілген.

Қазгидромет мамандары видеоның Қарағанды облысында түсірілгенін растады. Ондай құбылыс "орам бұлттар" (volutus) деп аталады.

"Орам бұлттар – бұл сопақ және көлденең жатқан бұлтты масса. Ол көбінесе төмен орналасады және формасы құбырға ұқсайды. Сосын айналып тұрғандай болып көрінеді. Орам бұлттар бір-бірімен байланыспайды. Бұл Жер атмосферасындағы толқынды ауытқулардың көрінісі болса керек", - дейді синоптиктер.

Олардың айтуынша, қатты желдің әсерімен дымқыл ауа жоғары қарай көтерілгенде суи бастайды. Содан цилиндрлік бұлттар пайда болады. Ондай құбылыс сирек кездеседі.

"Соңғы күндері Қарағанды облысындағы ауа-райына оңтүстік циклон әсер етті. Оның ықпалымен күн күркіреп, жаңбыр жауды. Циклон орам бұлттардың пайда болуына да себеп болған", - деп түйіндеді мамандар.