​Қарағанды облысында жылжымалы дәріханалар пайда болады

0
1 167

Биылғы жылы шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарын дәрмекпен қамту үшін жылжымалы дәріханалар құруды көздеп отырмыз, - деді Ержан Нұрлыбаев.


​Қарағанды облысында жылжымалы дәріханалар пайда болады

Қарағанды облысында 2018-ші жылы шалғайдағы елді мекендерде тұрып жатқан созылмалы дертке шалдыққан науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жылжымалы дәріханаларды іске қосу жоспарланып отыр, деп мәлімдеді облыстық мәслихаттың XVI сессиясында Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаев. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ERNUR.KZ. хабарлайды.

- Тұрғындар тарапынан созылмалы дертке шалдыққан науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты наразылықтар көп болғаны құпия емес. 2017-ші жылы бізге осы саладағы қаржыландыруды 5,5 млн теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік туды. Ол өз кезегінде созылмалы дерті бар науқастарды 100% дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге септігін тигізді. Бұл проблеманы шешу үшін біз емханалардың ішінде дәріханалар ашып, әлеуметтік дәріханалар желісін құрдық. Биылғы жылы шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарын дәрмекпен қамту үшін жылжымалы дәріханалар құруды көздеп отырмыз, - деді Ержан Нұрлыбаев.

Сондай-ақ, ол аймағымыздағы емханалар мен ауруханалардың техникалық жағдайын жақсарту жоспарда бар екені туралы айтты. Соңғы үш жылда 35 медициналық мекемеде күрделі жөндеу жасау үшін 3 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. 2018-ші жылы 1,5 млрд теңге 15 ғимаратты жаңғыртуға жұмсалмақ. Барлығы облыс бойынша 77 денсаулық сақтау мекемелері жөндеуге мұқтаж. Бұл мақсаттарға 7 млрд теңгеден астам қаржы қажет.

- Қарағанды облысы әкімінің тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау нысандарының жағдайын жақсарту бойынша үш жылдық жоспар құрылды. Республикалық бюджеттен келген субвенцияның арқасында біз үш жылда барлық нысандарды қалыпқа келтіре алатын боламыз, - деді басқарма жетекшісі.

Бұған қоса, облыстық онкологиялық диспансерге қажетті жаңа жан сақтау – операциялық блоктың құрылысына қатысты мәселе шешіліп жатыр. Жобалық-сметалық құжаттама құрылған, жәнеде қазіргі таңда бекітуге жіберілді.

Сондай-ақ, 300 орынға шақталған облыстық клиникалық аурухананың жаңа ғимаратын салу жоспарланып отыр.

Дәрігерлер тапшылығы мәселесі қызметтік баспана беру жолымен шешілуде. Пәтерлер Балқаш және Саран қаласының жас мамандарына берілді. 2019-2020 жылдары 160 медициналық қызметкерлерді ведомстволық баспанамен қамтамасыз ету көзделіп отыр.