Қарағанды облысындағы қарттар үйінде коронавирус ошағы анықталды

0
2 254

Коронавирус жұқтырғандардың нақты саны белгісіз.


Қарағанды облысындағы қарттар үйінде коронавирус ошағы анықталды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Шахан кентінің қарттар үйінде коронавирус инфекциясының өршуі тіркелді, деп жазады Tengrinews.kz.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта пансионаттағы вирус ошағы оқшауланды. Дәрігерлер байланыста болған адамдар тобын анықтап, ПТР сынамасынан өткізді.

"Мекемеде дезинфекция жүргізілді. Барлық науқасқа қажетті емдеу шарасы көрсетіледі. Ауыр халдегі науқастар жоқ", - деп атап өтті Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер.

Ведомстводағылар коронавирус жұқтырғандардың нақты санын айтпады. Себебі, оқшауланған адамдардың ПТР сынама нәтижелері толық дайын емес.

Айта кетейік, Қарағанды облысы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша әлі де "сары" аймақта. 1 ақпанда аймақта COVID-19-ға қарсы вакцинация басталды. Алғашқы екпелерді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Нұрлыбаев және бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Юрий Залыгин қабылдады.