Қарағанды облысындағы «Костенко» шахтасында шыққан өрт өшкен жоқ

0
1 542

​Қарағанды облысындағы «Костенко» шахтасында шыққан өртті құтқарушылар әлі өшіре алмай, әлекке түсіп жатыр,-деп хабарлайды 24.KZ.


Қарағанды облысындағы «Костенко» шахтасында шыққан өрт өшкен жоқ

фото: 24.KZ

Қарағанды облысындағы «Костенко» шахтасында шыққан өртті құтқарушылар әлі өшіре алмай, әлекке түсіп жатыр,-деп хабарлайды 24.KZ.

Жер астындағы көмір жанып жатқалы бүгін – үшінші күн. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Кеніштегі жұмыс уақытша тоқтап тұр. Ал жұмыскерлер өзге шахтаға ауыстырылған. Алдын ала болжам бойынша көмір өздігінен тұтанса керек. Бірақ нақты нәтижесі зерттеу жұмыстарынан соң мәлім болады. Мамандар өрт шыққан аймақты бұрғылап, қосымша ақпарат жинамақ. «Алайда тілсіз жауды ауыздықтау үшін кемінде бір ай уақыт керек», – дейді «Көмір» апаттық құтқару қызметінің басшысы Геннадий Силинский.