Қарағанды облысындағы табиғи өрттің беті қайтты

0
388

8 қыркүйек сағат 11:00-дегі мәліметтерге сәйкес, бақылаудағы 4 ошақтың екеуінде өрт сөндірілген.


Қарағанды облысындағы табиғи өрттің беті қайтты

ERNUR.KZ. Қарағанды облысындағы табиғи өрттердің басым бөлігі ауыздықталды, деп жазады inbusiness.kz.

Өрт ошақтарында ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың және орманшылықтардың өртке қарсы ерікті құрылымдары жұмыс істеп жатыр. Барлығы 267 адам мен 95 бірлік техника жұмылдырылған.

"Бұқар Жырау ауданына қарасты Ақора ауылдық округі Рыбинское бөлімшесінен солтүстік-шығысқа қарай 2 км жердегі Белағаш орман шаруашылығының аумағында 250 га жер өртенген. Оның ішінде 21,7 га орман аумағын жалын шарпыған", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек аталған ауданның Ақора ауылынан оңтүстікке қарай 2 км қашықтықта 180 га алқап өртенген. Оның 10 га орман аумағын қамтиды.

Тілсіз жау Шет ауданына қарасты Қызылтау ауылынан 12 шақырым жерде де болған. Ауданы шамамен алғанда 1 мың га болады. Ал, Ақтоғай ауданының Құсақ ауылынан солтүстікке қарай 200 га алаңда құрғақ шөп өртенген.