​Қарағанды облысының ауылдарында инватакси жұмыс істей бастады

0
1 507

Қызмет үшін жеңіл автокөлік және шағын автобус қарастырылған. Инватакси бүкіл аудан бойынша қызмет көрсетеді. Арнайы жабдықталған көлікті 1 топтағы мүгедектер және жеке көмекшісі немесе арбасы бар мүгедек балалар пайдалана алады.


​Қарағанды облысының ауылдарында инватакси жұмыс істей бастады

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында инватакси қызметі жеті қалада жұмыс істейді. Енді бұл тегін қызметті ауыл тұрғындары да пайдалана алады, деп жазады ҚазАқпарат.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша Абай ауданында инватакси қызметі ашылды.

«Біздің ауданда 2 750 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Жергілікті атқарушы билік оларға қажетті жағдайды қамтамасыз етуге тырысады. Біз бюджеттен инватакси қызметін құруға қаражат бөлдік. Бұл қызмет мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажетті жеріне жетуіне мүмкіндік береді. Инватаксидің арқасында мүгедек жандар концертке, театрға, көрмеге, басқа да мәдени іс-шараларға қатыса алады», - деді аудан әкімі Бауыржан Асанов.

Қызмет үшін жеңіл автокөлік және шағын автобус қарастырылған. Инватакси бүкіл аудан бойынша қызмет көрсетеді. Арнайы жабдықталған көлікті 1 топтағы мүгедектер және жеке көмекшісі немесе арбасы бар мүгедек балалар пайдалана алады.

Қазақстанда әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі - мүгедектердің жағдайын жақсарту. Мемлекет тарапынан жеке көмекші қызметі, ымдау тілі мамандарының көмегі ұсынылады. Көмек спектріне: гигиеналық заттар, арбалар, тифло және сурдо-құралдармен, оңалту орталықтарына тегін жолдамалармен қамтамасыз ету және т. б. кіреді.