​Қарағандыда 19 ғасырға тіркелген балаға қатысты ІІД түсініктеме берді

0
1 170

Алты жастағы бала тұрғылықты жерде тіркелмегендіктен 19-шы ғасырға тіркеліп кеткен деп түсіндірді


​Қарағандыда 19 ғасырға тіркелген балаға қатысты ІІД түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі алты жастағы ұл баланың оғаш тіркемесіне қатысты түсініктеме берді. Қателік баланың тұрғылықты жерде тіркелмегендігінен орын алған, деп жазады NUR.KZ.

Алты жастағы бала тұрғылықты жерде тіркелмегендіктен 19-шы ғасырға тіркеліп кеткен деп түсіндірді ведомстводағылар.

Мекенжай ақпараты ЖСН жасалған кезде АХАЖ ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде енгізілгендігі анықталды.

"Оның тіркелген тұрғылықты мекен-жайы жоқ болғандықтан, ақпараттық жүйе автоматты түрде кез келген күнді қоя салған, яғни 30.12.1899ж", - деп хабалады ішкі істер министрлігінің өкілдері.

Министрліктегілер баланың ата-анасы ХҚК орталығына барып, баланы тұрғылықты жеріне тіркеу керектігін хабарлады.