Қарағандыда әкімдік шенеуніктері пара алды деген күдікке ілінді

0
558

Олар заңсыз жер берумен айналысқан.


Қарағандыда әкімдік шенеуніктері пара алды деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Қарағандыда пара алды деген күдікпен жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің лауазымды тұлғалары ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің мәліметінше, мемлекеттік қызметкерлер өткен аптада ұсталған. Олар жергілікті тұрғынға жер учаскесіне қосымша аумақ бөліп беру туралы қаулы шығаруға уәде берген.

Ведомство мәліметінше, ер адам осыған дейін жер учаскелері бөліміне барған, алайда оған қосымша жер беруден бас тартқан. Осыдан кейін ол хабарламалар сайтында 1 миллион теңгеге осы мәселені шешіп беретін адамды тапқан. Салдарынан заңсыз жер берумен айналысқан тұлғалар ұсталды.