Қарағандыда балабақшадағы 3 жасар бүлдіршін сірке суын ішіп қойды

0
1 165

Оқыс оқиға жекеменшіктегі балабақшада болды.


Қарағандыда балабақшадағы 3 жасар бүлдіршін сірке суын ішіп қойды

ERNUR.KZ. 3 жасар баланы дереу облыстық ауруханаға жеткізді, деп жазады Stan.kz.

Оқиға мектепке дейінгі мекемеде болған. Бүлдіршіннің сірке суын қайдан алғаны белгісіз. Ұл баланың асқазаны мен ауыз қуысы күйіп қалды. Келіп жеткен медбикелерге тәрбиеші баланың сірке суын ішіп қойғанын айтқан.

Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Қалалық білім беру басқармасының мәліметінше, оқыс оқиға жекеменшіктегі балабақшада болды.