Қарағандыда бес көлікті соққан мас дөкейдің кім екені белгілі болды

0
714

Жүргізушіні ұстау кезінде полиция қызметкерлерінің жолын кес-кестеп, көлденең шыққан екі ер адам да қамауға алынды. Белгілі болғандай, бұл екеуі кәсіпкердің ұлдары екен.


Қарағандыда бес көлікті соққан мас дөкейдің кім екені белгілі болды

ERNUR.KZ. Қарағандыдағы Степная-4 ықшам ауданында өз үйінің ауласында Lexus-пен бес көлікті соққан мас жүргізуші ірі кәсіпкер Серікбол Сәрсенов болып шықты, деп жазады Zakon.kz.

49 жастағы Серікбол Сәрсенов - астық саласында жұмыс істейтін ірі компанияның директоры. Ол - Қарағандыда санаулы Lexus 570 көліктерінің бірінің иесі. 20 қазан күні кешке Сарсенов мас күйінде көлікке отырып, көп қабатты ғимараттың ауласында тұрған бес машинаға соқтығысқан. Жүргізуші ұсталды.

Жүргізушіні ұстау кезінде полиция қызметкерлерінің жолын кес-кестеп, көлденең шыққан екі ер адам да қамауға алынды. Белгілі болғандай, бұл екеуі кәсіпкердің ұлдары екен. Олар оқиға орнына келіп, әкесін әкетіп бара жатқан полиция қызметкерлерінен жөн сұрамақ болғандарын айтады.

"Мен полициямен ұрысысқан да, оларға қол көтерген де жоқпын. Ағам екеуміз әкемізді полиция көлігіне өзіміз алып барайық дедік. Сондықтан олардан әкемізді өзімізге беруді сұрадық", - деді сотта кәсіпкердің ұлдарының бірі.

Патрульдік полиция инспекторы Кездібаев жүргізуші көліктен түсуден бас тартқанын, сондықтан олар оны салоннан сүйреп шығарғандарын, ал патрульдік көлікке жақындағанда екі жас жігіт оларға жақындап келіп, заңбұзушыны әкетуге кедергі келтіруге тырысқандарын айтты.

"Олар бізді тоқтатуға тырысты, олар әкесін босатуды талап етіп, бізді итеріп жіберді", - деді полиция қызметкері.

Жол апатынан зардап шеккен бір қыз ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы өте ауыр, ол комаға түсіп қалған. Сарсенов қамауға алынды.