Қарағандыда браконьерлер «Охотзоопром» инспекторын өлтіріп кетті

0
1 053

Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Қарағандыда браконьерлер «Охотзоопром» инспекторын өлтіріп кетті

ERNUR.KZ. «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары Қарағанды облысының Нұра ауданының аумағына рейд жүргізу барысында атып алынған 5 киікті тапты, деп жазды ҚазАқпарат.

Сәкен Ділдахметтің айтуынша, киікті атқан адамдардың ізіне түскен инспекторлар мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ екі көлікті қуып, оның бірін тоқтатқан.

«Автомобильді тексеру барысында белгісіз адамдар қарсылық көрсетті. Соның салдарынан бір инспектордың жағы сынып, пышақ жарақатын алса, екінші инспектордың миы шайқалып, ес-түсінен айырылды. Оны дәрігерлер құтқара алмады. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының жедел тобы аттанды», - деді ол.

Ресми өкілдің дерегінше, аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, браконерлерді анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.