Қарағандыда дәрігерлер бір жарым жасар қыздың асқазанынан 5 ине алып шықты

0
714

Үш ине сәбидің асқазанынан және тағы екеуі аш ішегінен шыққан.


Қарағандыда дәрігерлер бір жарым жасар қыздың асқазанынан 5 ине алып шықты

ERNUR.KZ. Қарағандыда бір жарым жасар қыз ине терапиясына арналған бес инені жұтып қойған, - деп жазады 24.kz.

Сәбидің ата-анасы шашылып жатқан инелерді көріп, қыз баланың мазасызданып кеткенін байқапты. Олар сәбиді ауруханаға алып келгеннен кейін, дәрігерлер шұғыл түрде ота жасаған. Үш ине сәбидің асқазанынан және тағы екеуі аш ішегінен шыққан. Ота сәтті аяқталды, ал бір жарым жасар қыз ауруханадан шықты.

Айта кетейік, биылдың өзінде эндоскопистерде жас балалар жұтып қойған бірнеше құрал табылған. 50 шақты ота балалардың асқазанынан тиын, шеге, сақина және түйрегіштерді алу үшін жасалған.

Дәрігерлердің сөзінше, биылдыққа асқазаннан инені алу операциясы екінші рет жасалып отыр екен. Бұған дейін дәрігерлер тігін инесін байқамай жұтып қойған 14 жастағы қызға ота жасаған.