Қарағандыда ер адамды аурухана сыртына лақтырып тастады (видео)

0
892

Оқиға облыстық клиникалық аурухана маңында болды.


Қарағандыда ер адамды аурухана сыртына лақтырып тастады (видео)

ERNUR.KZ. Қарағанды тұрғындары науқасты аурухананың сыртына лақтырып тастады деп шағымданды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Олар оқиғаны видеоға түсіріп жариялады. Қарағандылықтар Ерубаев көшесіндегі аурухана жанында ер адамды өзге біреулер лақтырып тастап кеткенін айтты.


«Ауруханада жігіттер бір адамды сыртқа алып шығып, лақтырып тастады - ал оның баратын жері жоқ», - дейді видеодағы куәгерлер.


Сонымен бірге оның аты-жөні белгісіз: қарағандылықтар оның атын білуге тырысты, бірақ ер адам жауап берген жоқ. Оқиға облыстық клиникалық аурухана маңында болды. Бұл жағдайға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасында түсініктеме берді.

Басқарма «Облыстық клиникалық аурухана» науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметі тексеріс жүргізгенін түсіндірді. Талдау нәтижесінде бұл азаматтың мас күйінде болғаны, құжаттары жоқ және нақты тұратын жері анықталмаған. Ауруханаға жатқызу белгілері болмаған.