Қарағандыда кафеге келген әйелдің жағын сындырған келіншек ұсталды

0
826

Екеуара жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасап, дене жарақытын салған.


Қарағандыда кафеге келген әйелдің жағын сындырған келіншек ұсталды

Қарағандыда келіншек кафеге келген әйелдің жағын сындырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 мамырда Орталық полиция бөліміне 32 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Ол кешке мезгілде кафелердің біріне барған. Осы жерде ол белгісіз келіншекпен ұрысып қалады. Екеуара жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасап, дене жарақытын салған. Жақ сүйегі сынған арызданушы медициналық мекемеге жүгінген.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғады. 28 қазанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 28 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.