Қарағандыда қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

0
2 649

180-нен астам адам алданған.


Қарағандыда қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агентігінің қызметкерлері Қарағанды облысында қаржы пирамидасын құру фактісін анықтап, оның жолын кесті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Ақпанда Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қаржылық пирамида қызметінің жолын кесті. Тергеудің алдын-ала нұсқасы бойынша, 2020 жылы ұйымдастырушы салым сомасының теңгемен 18% және өзге валютамен 6% мөлшерінде жыл сайынғы табыс алу шартымен 80 миллион теңгеден астам сомаға жеке тұлғалардың ақшалай қаражатын тартқан», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 217-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жәбірленуші ретінде 180-нен астам адам анықталды.