Қарағандыда коронавирустан көз жұмған ер адамның өлімінен соң тергеу басталды

0
705

Қазіргі уақытта марқұммен жақын қарым-қатынаста болған 36 адам анықталған.


Қарағандыда коронавирустан көз жұмған ер адамның өлімінен соң тергеу басталды

ERNUR.KZ. 1 сәуірде таңғы 7-де 62 жастағы Қарағанды тұрғыны коронавирустан көз жұмды. Бұл елімізде вирустан болған үшінші өлім. Қайтыс болған ер адамның өлімі бойынша тергеу жүргізілетіні белгілі болды, деп жазады NUR.KZ.

Өңірдің бас санитар дәрігері Қанат Асқаровтың ақпаратынша, департамент қызметкерлері қарағандылықтың өлімі бойынша тергеу жүргізуде.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта марқұммен жақын қарым-қатынаста болған 36 адам анықталған. Сондай-ақ онымен байланысқан болуы мүмкін 20 адам табылған.

Асқаровтың сөзінше, бұл адамдардың бәрі шетелге, не Алматы, не Нұр-Сұлтанға шықпаған. Үнемі Қарағандыда болған. Одан бөлек бас санитар дәрігер оның жұмыс орнында да тергеу жүргізілетінін хабарлады. Марқұм нотариус болған.

Еске сала кетсек, бүгін елімізде үшінші адамның коронавирустан көз жұмғаны хабарланды.