Қарағандыда құрылысшылар бір-біріне кірпіш лақтырды

0
1 501

Қарағандының құрылыс алаңдарының бірінде құрылысшылар арасында қақтығыс болды.


Қарағандыда құрылысшылар бір-біріне кірпіш лақтырды

ERNUR.KZ. Қарағандыда құрылысшылардың екі бригадасы бір-біріне кірпіш сынықтарын лақтырған. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп жазады Tengrinews.kz.

Қарағандының құрылыс алаңдарының бірінде құрылысшылар арасында қақтығыс болды. Видео кадрларынан адамдар бір-біріне кірпіш лақтырып жатқанын көруге болады.

Ескерту! Бейәдеп сөйдер айтылады!

Бейнежазбаны полиция қызметкерлері тексерді. Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жанжалға қатысқандардың бәрі ұсталды.

"Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Қарағандының құрылыс алаңдарының біріндегі бұзақылық әрекеттер дерегін анықтады. Құрылысшылардың екі тобы, шамамен 20-25 адам, былапыт сөздер айтып, бір-біріне кірпіш сынықтарын лақтырады. Оқиғаға қатысушылардың бәрі ұсталды", - деп атап өтті Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Полицейлер қақтығыс қабатаралық плитаны орнату бойынша шыққан дау-дамайға байланысты болғанын анықтады. ҚР ҚК 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша соталды тергеу басталды.