Қарағандыда өгей әкенің тәрбиесіндегі 7 жасар бала ауруханаға түсті

0
1 038

Таяққа жығылған баланың фотосын туысқаны әлеуметтік желіге жариялап, елден көмек сұрады.


Қарағандыда өгей әкенің тәрбиесіндегі 7 жасар бала ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Қарағандыда 7 жасар балаға қорлық көрсеткен өгей әкенің озбырлығын баланың туған анасы жасырып келген. Осылай деген баланың туған әкесі ұлын таяққа жыққандарды қатаң жазалауды сұрайды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Astana арнасы.

Мен балаңыз жансақтау бөліміне түсті дегенде шошып кеттім. Баламды аямай таяққа жығыпты. Психикасына, денсаулығына зиян келген. Әлі емделіп жатыр. Сондықтан әйелімді де, баламның өгей әкесін де жауапқа тартуды сұраймын, - деді жапа шеккен баланың әкесі Руслан Жүсібаев.

Таяққа жығылған Яролавтың фотосын туысқаны әлеуметтік желіге жариялап, елден көмек сұрады. Білім бөлімінің хабарлауынша, бала мектепке бірнеше рет көгеріп келген.