​Қарағандыда оқушылардың төбелесі пышақтасумен аяқталды

0
1 177

9-сыныптың оқушысы қалтасындағы бәкімен өзінен бір сынып төмен оқитын баланың денесін бірнеше жерден осып жіберіпті.


​Қарағандыда оқушылардың төбелесі пышақтасумен аяқталды

ERNUR.KZ. Төбелес кезінде бір оқушы қарсыласының денесін бәкімен тіліп жіберген Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында мектеп оқушылары арасындағы төбелес пышақтасумен аяқталды, деп жазады ktk.kz.

Денесі тілгіленген 8-сынып оқушысы ауруханаға түсті. Оқиға түскі сағат бірлер шамасында үзіліс кезінде болған. Мектеп басшылығы екі баланың арасындағы ерегестің неден шыққанын түсіне алмай отыр. 9-сыныптың оқушысы қалтасындағы бәкімен өзінен бір сынып төмен оқитын баланың денесін бірнеше жерден осып жіберіпті. Ол тергеушілерге бәкіні көшеден тауып алдым деген. Ал пышақ жарақатын алған оқушы Қарағандыдағы ауруханаға жеткізілді.

Айжан Иса, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Беліне пышақ салған. Балалар ауруханасына жеткізілді қазір. Қарағанды қаласында қазір. Палатада жатыр. Бүкіл медицналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы орташа.