Қарағандыда республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңі өтті

1
2 305

Сайыс жеңімпаздары республикалық Абай оқуларында өнер көрсетеді.


Қарағандыда республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңі өтті

Қарағанды қаласындағы мектеп оқушылары арасында ХХ республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және мектеп оқушылары арасында Абай, Шәкәрім шығармаларын насихаттау, ұлылар поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында мектеп оқушылары арасында өткізілген республикалық XХ Абай оқуларының облыстық кезеңін Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Е.Иманғалиев ашып берді.



Аталған сайысқа 6 номинация бойынша Қарағанды қаласы мектептерінен 5 оқушыдан қатысып, көркемсөз шеберлері 4 номинация бойынша жүлделі орындарға ие болды және екі оқушы республикалық кезеңге жолдама алды. Атап айтсақ:

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша № 61 ЖББОМ 9-сынып оқушысы Мұрат Дильназ жүлделі І орынды;

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы – оқушылардың өз шығармаларын орындауда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №41 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Наурызбай Аятолла жүлделі ІІ орынды;

«Ұлылар әлемі» номинациясы – Абай және Шәкәрім еңбектерінен эссе жазуда С.Саттаров атындағы №57 лицейдің 9-сынып оқушысы Шубаева Айгерім жүлделі ІІІ орынды;

«Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша№61 ЖББОМ 9-сынып оқушысы Скакова Нүргүл жүлделі І орынды иеленді.

Айта кетейік, жүлделі І орын иегерлері № 61 ЖББОМ-ның 9-сынып оқушылары Мұрат Дильназ бен Скакова Нұргүл республикалық кезеңде Қарағанды облысының намысын қорғайды.