Қарағандыда “Спутник V” вакцинасының өндірісі тоқтатылды

0
770

Неге елімізде өндірісі жолға қойылған “Спутник V” вакцинасы жоқ?


Қарағандыда “Спутник V” вакцинасының өндірісі тоқтатылды

ERNUR.KZ. Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік саясат департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Пандемия басталғаннан кейін біз Қарағандыда “Спутник V” вакцинасының өндірісін іске қостық. Қазір бұл процесс тоқтатылды. Бүгінде бізде вакциналар жеткілікті", - деді Бауыржан Жүсіпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Спикер бүгінгі таңда отандық QazVac вакцинасының көлемі жеткілікті екенін және Pfizer вакцинасын қосымша сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Бүгінде “Спутник V” бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ. Қарағандыдағы зауыт бұл вакцинаны шығармайды", – деді спикер.

Ол мұның геосаяси жағдайға қатысы жоқ екенін де түсіндірді. Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирустан вакциналардың 1,6 млн дозасы бар. Бұл әзірге жеткілікті.