Қарағандыда тепловоз ер адамды басып кетті

0
1 085

Әзірге марқұмның кім екені айтылған жоқ


Қарағандыда тепловоз ер адамды басып кетті

ERNUR.KZ. Қарағандыда тепловоз ер адамды басып кетті. Қайғылы оқиға 18 желтоқсан күні Пришахтинск қаласында болған. Қайғылы оқиға орнынан түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жарияланған, деп жазады sn.kz.

Тепловоз Сортировочная станциясы бағытына қарай келе жатқан. Сол сәтте ол ер адамды басып кеткен.

"Соққының ауыр болғаны соншалық, ер адамның басы жұлынып кетті. Ол 13-ші вагон астына түсіп қалған", - дейді оқиға куәгері.

Әзірге марқұмның кім екені айтылған жоқ.