Қарағандыда жолаушы толы автобус тепловозбен соқтығысты

0
1 196

Қарағандыда жолаушы автобусы тепловозбен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағандыда жолаушы толы автобус тепловозбен соқтығысты

Қарағандыда жолаушы автобусы тепловозбен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, бағдардағы автобустың 22 жастағы жүргізушісі маневр жасау кезінде тепловозбен соқтығысып қалған. Оқыс оқиға салдарынан үш жолаушы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды. Тиісті сараптамалар белгіленді, қазір тергеуге дейінгі тексеріс жүріп жатыр. Соның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі. Автобуста 20 жолаушы болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқиғаға автобус жүргізушісі себепші.