Қарағандыда жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік қақтығысынан бір адам қаза тапты

0
2 279

Тағы бір адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Қарағандыда жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік қақтығысынан бір адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Қарағандыда жол апатынан бір қайтыс болып, екіншісі ауыр жарақат алды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

«ВАЗ 2114» көлігі мен жолаушылар автобусы Майқұдық және Сортировка шағын аудандарының арасындағы жолда қақтығысқан. Салдарынан жеңіл автокөлік қатты соққыға ұшырап, бірнеше адам зардап шекті.

«Жол апатынан бір адам қаза тапты, тағы біреуінің жағдайы ауыр. Ол қалалық ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, автобустың кондукторы ауданаралық ауруханаға жіберілді»,- деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.