Қарағандыдағы қайғылы оқиға: Қала әкімі көз жұмған баланың отбасына барды

0
1 097

Қала әкімі баланың отбасына барып, көңіл айтты.. Көмек көрсетеінін мәлімдеді.


Қарағандыдағы қайғылы оқиға: Қала әкімі көз жұмған баланың отбасына барды

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров қаза болған баланың отбасына көмек көрсетілетіні туралы мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Нұрлан Әубәкіров қала әкімдігі тарапынан жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетілетіні туралы мәлімдеді. Борис Рудаков биыл № 10 орта мектепте 5-сыныпты тәмамдаған.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Ирина Любарская мен қалалық білім бөлімінің жетекшісі Гүлсім Қожахметова басқа да зардап шеккен балалар жатқан ауруханаларда болып, олардың жай-күйін біліп қайтты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында қайғылы оқиға орын алған болатын. Қатты желдің салдарынан үрлемелі батут аударылып кетіп, нәтижесінде, оқиға орнында бір бала қаза тауып, тағы үш бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.