Қарағандыдағы ұшақ апатынан 2 адам қаза тапты

0
1 095

Қарағанды әуежайында ұшақ апатқа ұшырады


Қарағандыдағы ұшақ апатынан 2 адам қаза тапты

Фото:ғаламтордағы ашық дереккөзден

ERNUR.KZ Қарағанды әуежайында жеңілмоторлы ұшақ апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомствоның алдын ала мәліметінше, екі адам қаза тапқан.

"Бүгін сағат 16.25-те жаттығу ұшуды орындау және қонуға кіру кезінде Балапан (Қарағанды) әуеайлағында FK14 Полярис жеңіл авиацияның әуе кемесі апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша экипаж - 2 адам қаза тапты. Осы авиациялық оқиға бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы тексеруді бастайды", - делінген ААК telegram-каналында.