Қарағандылық автобус жүргізушілерінің төбелесі желіде тарады

0
2 373

​Куәгерлердің айтуына қарағанда төбелес жүргізушілердің жолаушыларды өзара бөлісе алмауынан туындаған.


Қарағандылық автобус жүргізушілерінің төбелесі желіде тарады

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде қызуқанды қарағандылық автобус жүргізушілерінің өзара төбелескен видеосы тарап жатыр, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жүргізушілер арасындағы төбелестің видеосы Instagram желісіндегі gorod_karaganda_krg парақшасында жарияланды. Кадр сыртындағы дауыс оқиға "45 квартал" аялдамасында болғанын айтады.

Видеода бір топ адамның арасында бір-біріне дауыс көтере сөйлеп жатқаны көрінеді. Кенет жанжал өрши түсіп, ер адамға екі жігіт кезектесіп қол сілтейді. Соқының дөп тигенінен ер адам жайсыз құлап, автобустың астына түсіп қала жаздайды.




Ал куәгерлердің айтуынша, төбелес жүргізушілердің жолаушыларды өзара бөлісе алмауынан туындаған.

Қарағанды облысының полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, аталған факт негізінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс тіркелгенін атап өтті.


"Қазіргі кезде оқиғаға қатысушылар анықталып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.