Қарағандылық дәрігерлер 68 мың теңгеге сатып алынған маскаларды көрсетті

0
519

Маскалар бетті толықтай жабады және оны барынша қорғайды.


Қарағандылық дәрігерлер 68 мың теңгеге сатып алынған маскаларды көрсетті

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында жансақтау бөлімінің дәрігерлері үшін бір данасы 68 000 теңге тұратын 200 маска сатып алынды, деп жазады Tengrinews.kz.

Мемлекеттік сатып алу сайтында лот жарияланып, сол бойынша аймақтық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы GoldenStag компаниясынан жалпы сомасы 13,6 миллион теңгеге жартылай маска сатып алған.

Құжатқа сәйкес, жартылай масканың құны - 68 000 теңге.

Барлығы бір жерден сатып алынған және келісімшарттың техникалық сипаттамасында жартылай маскалар "сүзгілеу қасиетіне ие және жұмысшылар ауадағы қатты бөлшектер мен булануы қиын сұйықтың әсеріне ұшыраған жағдайда аэрозольдерден қорғайды" деп көрсетілген. Құжатта басқа сипаттамалар көрсетілмеген.

Желіде сатып алу туралы хабарлама пайда болғаннан кейін Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы сатып алынған маскаларды көрсетуге асықты.

Ведомство мәліметінше, 68 000 теңгеге сатып алынған маскалар бетті толықтай жабады және оны барынша қорғайды. Көзді, ауыз қуысын, мұрынды аэрозольден қорғайтыны айтылады. Сонымен қатар, оның бактерияға қарсы тұра алатыны және ауыстырылатын екі сүзгісі бар екені белгілі болды.