​Қарағандылық ТЖД қызметкерлері 50 мың үйді аралады

0
903

Демалыс күндері барлығы 14149 үйді аралап, 31015 адамға нұсқау берілді


​Қарағандылық ТЖД қызметкерлері 50 мың үйді аралады

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында ТЖД қызметкерлері 50 мыңнан астам үйді аралап шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өткізілген іс-шаралар өрттердің пайда болуына және адамдардың қаза болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған. Демалыс күндері барлығы 14149 үйді аралап, 31015 адамға нұсқау берілді», -деді Қарағанды облысының ТЖД баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекова.

Сонымен қатар, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу аясында өңірде 40 улы газ тетіктері сатып алынды. Бұл құрылғылар көп балалы отбасылар мен жалғыз басты зейнеткерлердің үйлеріне орнатылуда. Құрылғы ауада улы газдың мөлшеру көбейген жағдайда, дабыл қаға бастайды.

ТЖД өкілдері алдағы уақытта да осындай жабдықтарды сатып алу үшін демеушілерді жұмылдыру бойынша жұмыстар жалғасатынан тілге тиек етті.