Қарақат Әбден президенттікке кандидат ретінде тіркелді

0
692

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты тіркеуге қажетті барлық рәсімдер сақталды.


Қарақат Әбден президенттікке кандидат ретінде тіркелді

ERNUR.KZ. Қарақат Әбден Қазақстан президенттігіне кандидат болып тіркелді, деп жазады tengrinews.kz.

Орталық сайлау комиссиясы 8 қазанда Орталық сайлау комиссиясына Әбден Қарақат Жақсылыққызының "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" үкіметтік емес ұйымынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылуы туралы құжаттары тапсырылғанын мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты тіркеуге қажетті барлық рәсімдер сақталды. Орталық сайлау комиссиясы Қарақат Әбденді Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.