Карантин аймағынан өтетін әрбір адам деректер базасына тіркеледі – полиция басшысы

0
771

Карантин аймағын кесіп өтетін әрбір адам Сергек блок-бекет деректер базасына міндетті түрде есепке алынады.


Карантин аймағынан өтетін әрбір адам деректер базасына тіркеледі – полиция басшысы

ERNUR.KZ. Елорданың жергілікті полиция қызметінің басшысы Госман Жакин брифинг барысында блок-бекеттерден кімдердің өте алатыны жайлы айтып берді, деп жазады baq.kz

Елімізде 11 мамырдан бастап төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Бірақ карантин режимі сақталды. Блок-бекеттер алгоритм бойынша жұмыс істеуде. Оған сәйкес қала сыртындағы 6 блок-бекетте полиция мен әкімдік қызметкерлері және дәрігерлер санитарлық-карантиндік бақылауды жасауда. Блок-бекеттерден өте алатындар қатарына қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйым қызметкерлері, төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін жұмысы қайта басталған ұйым қызметкерлері, саяжай учаскелеріне баратындар, медициналық көмек алатындар, егіс жұмысымен айналасатындар, Ақмола облысының төрт ауданы, яғни Целиноград, Аршалы, Шортанды және Қорғалжын аудандарының тұрғындары өте алады, - деді полиция қызметінің басшысы.
Сондай-ақ, ол басқа өңірдің тұрғындары қажетті құжаттарды толтыратынын ескертті.
Жерлеу рәсіміне байланысты, шетел азаматтары, кәмелетке толмаған балаларына және сырқат туысына ұшақпен бара жатқандар, Түркістан облысына көмекке баратындар, азық-түлікпен басқа да туарларды таситындар және транзит өте алады. Басқа мәселелер жеке қаралады, - деді спикер.
Сонымен қатар, Госман Жакин Нұр-Сұлтан қаласының карантин аймағын кесіп өтетін әрбір адам Сергек блок-бекет деректер базасына міндетті түрде есепке алынатынын жеткізді.