Карантин кезінде ветеринарлық клиникалар қалай жұмыс істеп жатыр

0
659

Мегополистегі ветериналық клиналар санитарлық талаптарды қатаң сақтауға тырысады.


Карантин кезінде ветеринарлық клиникалар қалай жұмыс істеп жатыр

ERNUR.KZ. Мегополисте карантинге байланысты үй жануарларын емдейтін клиникалардың жұмыс уақыты қысқарып, санитарлық талап күшейтілді. Бұл туралы осы сала мамандары айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Dog Premium» ветеринарлық клиниканың бас дәрігері Александр Кривоножкинің айтуынша, үй жануарларын емдейтін клиника бүгінгі таңда штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Десекте, төтенше жағдайға байланысты біраз өзгерістер енгізілген.

«Біз статционар бөлімінде қызмет көрсететін мамандар санын қысқартық. Себебі, үй жанауарларын алмауға тырысамыз. Тек жағдайы ауыр және инфекциялық ауруға шалдыққандарды қабылдаймыз. Бақылауда ұстау үшін. Хирургия бөлімі мен дәрі-дәрмек сататын дәріхана кешкі сағат алтыға дейін жұмыс істейді. Карантинге дейін тәулік бойы қызмет көрсететін»,- дейді «Dog Premium» ветеринарлық клиникасының бас дәрігері Александр Кривоножкин.

Сондай-ақ, ол карантинге қарамастан ветдәрігердің көмегіне жүгінетіндердің санының азаймағанын атап өтті.

«Бізге әдеттегідей тері мен маусымдық жұқпалы ауруға шалдыққандарды жиі әкеледі. Одан бөлек, күн жылығалы ит, мысықтарды кене сияқты жәндіктер шағып алып жатыр. Сонымен қатар, олар үй жағдайында түрлі жарақат алады. Көліктің астына түсіп кеткендер де бар. Енді аурулардың түрі көп. Барынша емдеп, жарақатын таңып береміз»,– дейді Александр Кривоножкин.

Ветдәрігердің айтуынша, қажет болған жағдайда мамандар жануарларға үй жағдайында көмек көрсетіп, емдейді.

«Қазір қалада карантин, яғни адамдар тек рұқсат қағазбен ғана жүре алады. Сондықтан біз шақыртуларды қабылдаймыз. Арнайы көлігіміз де, рұқсатымыз да бар. Негізі біз мұндай қызмет түрін бұрынан көрсетеміз»,– деді ол.

Бұдан бөлек, мамандар телефон арқылы да кеңес береді.

«Қала тұрғындары бізге бейнеқоңырау соғып, үй жануарларының жағдайын айтып, көрсетеді. Бұл ауруды дәл және жылдам анықтау үшін өте маңызды. Егер мысыққа, итке немесе басқа үй жануарларына уақытында диагноз қойылмаса оның денсаулығына зиян келуі мүмкін. Сондықтан ветдәрігерлер видео немесе фото арқылы үй жануарының жағдайын қарап, қажет болса, стационарға жатқызуға кеңес береді»,– деп қортындылады Александр Кривоножкин.

Мегополистегі ветериналық клиналар санитарлық талаптарды қатаң сақтауға тырысады.

«Әлемді жаулаған мына індеттің емі әлі табылған жоқ. Сондықтан одан сақтанудың бірнеше жолы ғана бар. Ол оқшаулану және тазалық. Біз үй жануарларымен жұмыс істейтін болғандықтан санитарлық талапты қатаң ұстанамыз. Клиника мамандары жұмысқа келгенде ең алдымен дене температурасын өлшейді, жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген (маска, қолғап, көзілдірік, антисептик). Сонымен қатар, бізге жеткізілген үй жануарларынан ең алдымен анализ аламыз. Өзіміздің зертханада талдау жасалады. Тек содан кейін ғана барып емдеуді бастаймыз»,– деді «Талисман» ветеринарлық клиникасының директоры Максим Краскович.