Карантинде ауызашар жасаған бір топ іскер әйелдердің видеосы тексеріліп жатыр

0
716

Видеодан Ақтөбе қалалық мәслихат хатшысы Анар Даржанова мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасованы көруге болады.


Карантинде ауызашар жасаған бір топ іскер әйелдердің видеосы тексеріліп жатыр

ERNUR.KZ. Ақтөбенің бас санитар дәрігері ауызашарға барған қалалық мәслихат хатшысы мен кәсіпкерлер палатасының директорына қатысты видеоны тексеруге тапсырма берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желідегі видеодан бір топ іскер әйелдің дастархан басына жиналғанан көруге болады. Видео түсіріп отырған адам «бізде ауызашар болып жатыр» деп айтты. Бұл бейнематериал көпшілік арасында талқыға түсіп, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаев брифингте түсінік берді. Видеодан Ақтөбе қалалық мәслихат хатшысы Анар Даржанова мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасованы көруге болады.



«Топ болып ауызашарға барған видеоны әлеуметтік желі арқылы көрдім. Ақтөбе қалалық әкімдігі жанындағы мониторинг топқа шұғыл хабарлама жіберілді. Хабарлама түскен соң қатысқан адамдарды, мейрамхана анықталып, әкімшілік шара қолданылады. Ұжымдық ауызашар жасауға тыйым салынған. Тек отбасы мүшелерімен бір дастархан басына жиналуға рұқсат», - деді Нұрсұлу Беркімбаев.

Айта кетейік, мониторинг топтардан және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдар негізінде 264 айыппұл салынды. Айыппұл сомасы – 36 млн теңге. Сондай-ақ Үйлестіру орталықтарынан түскен шұғыл хабарлама негізінде жоспардан тыс 35 тексеру жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 35 объектіге 5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.