Карантинге жатқызылған ОАР азаматынан коронавирус анықталмады

0
757

Семейде 71 жастағы Оңтүстік Африка Республикасының азаматы температурамен ауруханаға түскен болатын.


Карантинге жатқызылған ОАР азаматынан коронавирус анықталмады

ERNUR.KZ. Семейде мұрнынан су ағып ауруханаға түскен ОАР азаматынан коронавирус анықталмады, деп жазады Stan.kz.

«Жедел жәрдеммен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген Оңтүстік Африка Республикасының азаматына қатысты талдау нәтижесі шықты. Біз сіздерге COVID 2019 талдаулары теріс нәтиже көрсеткенін хабарлаймыз», - деді облыстық әкімшілік.

Сонымен бірге, әкімдік Шығыс Қазақстан облысында қазіргі уақытта коронавирус жоқ екенін атап өтті.

Еске салсақ, Семейде 71 жастағы Оңтүстік Африка Республикасының азаматы температурамен ауруханаға түскен болатын. Ол Шығыс Қазақстан облысына Дубай мен Нұр Сұлтан арқылы кездесуге келген. Жедел жәрдем станциясының қызметкерлері науқасты жұқпалы аурулар ауруханасына қорғаныс костюмдерімен жеткізді.