Қарлы боран: ШҚО-да көлік жолдары жабылды

0
2 474

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты тасжолдарында қозғалыс шектелді.


Қарлы боран: ШҚО-да көлік жолдары жабылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында қарлы боран соғып тұр. Күн райының күрт бұзылуына байланысты аймақта бірнеше автокөлік жолы жабылды, деп жазады Алтайньюс.

«Қазақавтожолдың» ақпаратына сүйенсек, 19 қазан күні сағат 12.45-тен бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» (15-105 ш., Белоусовка - Риддер қ.) және «Өскемен-Алтай -Катон-Қарағай -Рахман қайнарлары» (6-66 ш., Ушановское-Серебрянск қ.) автожолында тіркемесі бар жүк көліктері мен жолаушылар автокөлігінің қозғалысы шектеледі.