Қарт қолөнер шеберлері сән үлгісін көрсетті

0
1 310

Жібек пен киізден жасалған киімдер мен бұйымдардың салмағы 20 -200 грамм аралығында.


Қарт қолөнер шеберлері сән үлгісін көрсетті

ERNUR.KZ. Киізден киім жасаған зейнеткер-қолөнершілер өздері жасаған бұйымдарын көпшіліктің назарына ұсынып, сән үлгісін көрсетті. Осылай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының білім беру бағдарламасы аясында «Алматының киіз-қолөнершілері» клубы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шараның мақсаты – ежелгі ұлттық қолөнер бұйымдарын көпшілікке кеңінен насихаттау. Жүн мен киізден жасалған заманауи жейделер, бас киімдер және сырт киімдердің түрлі түсті нұсқалары келген көрермендерді таң қалдырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл көрсетілімге зейнеткерлер бір ай көлемінде дайындалған.

«Бұл мерекелік іс-шараға қазақи жүн мен киізден бұйымдар жасауды сүйетіндер жиналды. Біз қазақтың қолөнерін барынша танытқымыз келеді. Және де жұртшылыққа оның замануи үлгісін ұсынуды мақсет тұттық. Өздеріңіз көргендей, қандай керемет бұйымдар жасалды. Барлық киімдердің белгілі бір авторы бар және олар тек бір ғана данадан жасалған. Ең қызығы бұйымдар егде жастағы қарттардың қолынан шыққан», – деді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы еңбек терапиясының нұсқаушысы Елена ДАРЧЕНКО.

Ең қызығы, сән көрсетілімінде «модель» болғандар – зейнеткерлердің өзі. Жібек пен киіз араласып жасалған киімдер мен бұйымдардың салмағы небәрі 20 граммнан 200 граммга дейін ғана жетеді. Айта кетелік, қазіргі таңда «Алматының киіз-қолөнершілері» клубында 50-ден астам қарт бар.